Талдықорғанда бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалған 7 жастағы қажет ететін баланың денесі Қаратал өзенінен табылды. Полицияның хабарлауынша, мәйітті құтқарушылар бүгін таңғы сағат 5 шамасында тапқан. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп, оған полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, кинологтар мен еріктілер қатысқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ЖАНАР КАЛЫКОВА, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.