Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектебінің түлегі Әсет Альтаир негізгі ҰБТ-да 140 балл иегері атанды.
2026 жылғы 26 мамыр күні Павлодар қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында Әсет Альтаир «Математика-География» пәндер комбинациясын таңдап, ҰБТ-ны сәтті тапсырды. Ол бес пән бойынша ең жоғары 140 балды жинады. Альтаир – Павлодар қаласындағы №7 жалпы орта білім беру мектебінің түлегі.
«Мен 11-сыныптың басынан бастап ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Дәл сол кезде болашақ мамандығымды нақты таңдадым. Алдағы уақытта Maqsut Narikbayev University-не «Менеджмент» мамандығына оқуға түсуді жоспарлап отырмын. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін», - деді Әсет Альтаир.