$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді

27.05.2026ж. 23:00
Қазақстанның 27 университеті QS рейтингіне енді
Фото: Pexels.com

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандық университеттердің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші тұрақты өсіп келеді. Қазір бірқатар отандық жоғары оқу орындары әлемнің топ-300, топ-500 және топ-200 университеттерінің қатарына енген.

Үздік нәтижелердің бірін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көрсетіп, 163-орынға жайғасқан. Сонымен қатар алғаш рет Қазақстанның 5 университеті Times Higher Education рейтингінің әлемдегі үздік 300-400 жоғары оқу орны тобына кірді.