Астанаға газ тарту жобасы ақыры мақұлданды. Қазір қаржы институттарымен келіссөз жүріп жатыр. Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбев осылай деп мәлімдеді. Бүгін министрлер кабинеті президенттің кеңейтілген жиында берген тапсырмасы бойынша кезек-кезек есеп берді.
Бозымбаев «Астанаға газ тарту қымбатқа түседі, жеке үйлер жылытуға кеткен шығынды өтей алмай қиналады» деп жиі айтатын. Құбыр тарту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі де ұзаққа созылып кеткен. "Сарыарқа" жобасы ақыры мақұлданды. Ол Қызылордадан, Жезқазған, Қарағанды арқылы келетін мың шақырымнан асатын құбыр жолы. Қағаз жүзінде мақұлданған жоғаба енді қаржы құятын банктер керек. Қазір Еуропа қайта құру және даму банкімен келіссөз жүріп жатыр.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Жоба бойынша 192 жеке және 48 шағын қазандық газға көшеді. Олар 22 мың жеке үйлерді жылытады. Сондай-ақ 1 және 2-жылу электр орталықтары сұйытылған газға көшеді. Астана ауасына тарайтын зиянды қалдық жылына 35 мың тоннаға азаяды.
Бозымбаев 4-мұнай өңдеу зауытының құрылысы бойынша жұмыс тобы құрылғанын да құлағдар етті. Кеңейтілген жиында президенттен соңғы ескерту алаған Сұлтанов "Астана1" ақпарттық жүйесі сәуірде іске қосылады дейді. Ол тауар қозғалысын шекарадан тұтынушыға дейін бақылайтын жүйе. Іске асса, импортты рәсімдеу 18 есе азаяды, яғни,1,5 сағаттан 5 минутқа қысқарады дейді.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Техникалық проблемалар бар, содан жоба бір тоқсанға кешігіп жатыр. Қаңтарда іске қосылуы керек-тін. Енді 28 ақпанда тест режімінде жұмыс істейді. 1 сәуірде толық көшеміз.
Мәдениет және спорт министрлігі ЖІІ-дегі туризм үлесін қазіргі 1 пайыздан 2025 жылы 8 пайызға жеткізуді көздейді. Ішкі туризмді дамыту әкімдердің рейтингіне еніп отыр. Ал сырттан турист тартуға Голливуд жұлдыздары көмекке келеді дейді.
Ерлан Қожағапанов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:
Президенттің Америкаға сапары кезінде маңдайалды бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Сол жиында Америка киноиндустриясы қауымдастығының басшысы Голливуд фильмдерін Қазақстанда түсіруді ұсынды. Бұл өз кезегінде туризмнің дамуына мульпликативті, миллиардтар әкелетін әсер береді.
Ал жаңа министр Мадина Әбілқасымова биыл елдегі 2,7 млн өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдарды әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қосып үлгеруі керек. Колумбия, Гарвард университеттерін тәмәмдаған һәм үш кішкентай баласы бар 39 жасар министрдің жұмысқа қалай үлгеретіні де қызық.
Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Госслужащие должны начинать с себя. Трудовым кодексом установлен 8-часовой рабочий день, то его нужно соблюдать и находить правильный баланс между работой и семьей.
Премьер-министр
Ұлттық экономика министрлігіне жұмаға дейін бүгінгі баяндамаларды ескеріп,
Үкіметтің 2018 жылға арналған даму жоспарын құруды тапсырды.