$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр

AstanaTV
28.05.2026ж. 19:00
Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр

Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өтіп жатыр. Сессия отырыстарында экономикалық интеграцияның, цифрландыру мен технологиялық даму жайы талқылануда.  Дәл қазір әріптесім Сержан Айтжан тікелей эфирге қосылуға дайын. Сержан, сіз эфирдесіз... Қандай ақпараттарыңыз бар, келелі жиында қандай мәселелер көтерілуде?

СЕРЖАН АЙТЖАН, ТІЛШІ:

Қайырлы кеш, Лаура! Иә, Астанадағы жиын жалғасып жатыр. Ұйымға мүше елдердің басшылары экономикаға серпіліс жасайтын, ұтымды ұсыныстарын ортаға салуда. Енді Жаһан жұрты тың тетік деп бағалаған жасанды интелектіні Еуразияның сауда саттығына да жүйелемек. Атап айтсақ, цифрлық сауда, логистика, кедендік цифрландыру, энергетикалық интеграция, өнеркәсіп кооперациясы және ортақ цифрлық нарық қалыптасады. Біздің еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа 11жыл бұрын мүше болған еді. Бұл уақыт аралығында Қазақстанның серіктес мемлекеттермен өзара сауда көлемі шамамен 90пайыз артты. 2015 жылы бұл көрсеткіш 16,3 млрд АҚШ доллар болса,  2025 жылы 30,9 млрд АҚШ долларына жетті. Иә, ұйымның оң әсерін елге тартылған инвестицияның 5 есе өскенін де аңғаруға болады. Ал енді алыс-беріске ақылды технологиялар араласса, сандар еселеніп, тауар айналымы артатыны анық. Әріптес мендегі ақпараттар легі осындай. Сөз өзіңізде.

Рахмет, Сержан!

Астана Еуразиялық экономикалық форумынан тікелей байланысқа шыққан -тілшіміз Сержан Айтжан.