$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Цифрлық кеңістікте азаматтардың деректерін қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі жаңарады

Цифрлық кеңістікте азаматтардың деректерін қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі жаңарады

Қазақстанда азаматтардың жеке мәліметтері сыртқа тарап кеткен жағдайды әркімнің өзі қадағалай алатын арнайы мемлекеттік тізілім енгізіледі. Мәжілісте қаралған жаңа заң жобасы дербес деректерді қорғау мен киберқауіпсіздік талаптарын түбегейлі күшейтпек. Құжатқа сай, жеке деректер операторлары тәуекел деңгейіне қарай санаттарға бөлініп, сот шешімдері мен мемлекеттік сатып алу құжаттарындағы азаматтардың ақпаратын маскалау, яғни жасыру міндеттеледі. Сондай-ақ, виртуалды кеңістікті бақылау құзыреті де қайта бөлініп отыр. Жаңа ережелер азаматтардың жеке деректерін жариялауға келісім беру тәртібін нақтылап, виртуалды әлемдегі қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтеруді көздейді.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заң жобасында жеке деректер операторларын санаттарға бөлу енгізіледі. Операторлар тәуекел деңгейіне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Осыған байланысты талаптар да әртүрлі болады. Екінші. Заң жобасында жария болып кеткен жеке деректердің тізілімі енгізіледі. Әр азамат мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін тексере алады.