AMANAT партиясының еріктілері Оралдағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын тазартты. Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Таза бейсенбі» акциясы аясында апта сайын осындай игі іске атсалысып келеді. Еріктілер алдымен ауладағы қураған ағаштарды кесіп, жасыл желектің түбін қопсытты. Көнерген әткеншек, сырғанақтарды сырлап, балалардың ойын ауласын жаңартты. Бір күнде жаңа кейіпке енген ауладан 5 тонна қоқыс шығарылды. Көшесінің келбетіне көңілі толған тұрғындар партиялықтарға алғысын жаудырып, ризашылығын жеткізді. Еріктілер бұл іске тұрғындар да ат салысса, қаланы мұнтаздай қылуға боларын айтады.
КЕНЖАЛЫ ТӨРЕМҰРАТОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Партия белсенділері тазартып беріп жатыр. Болашақта да осы акцияға қала тұрғындары, осы үйлердің тұрғындары белсене араласса деген ойымыз бар болашақта.