$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Балабақша тәрбиеленушілеріне алдын ала "ішек инфекциясы" деген диагноз қойылды

AstanaTV
08.02.2018ж. 20:00
4590
Балабақша тәрбиеленушілеріне алдын ала "ішек инфекциясы" деген диагноз қойылды

Астанада балабақшадан соң ауруханаға түскен сәбилерге алдын ала "ішек инфекциясы" деген диагноз қойылды. Қазір 3 бала қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Бұл туралы емдеу мекемесінің басшылығы мәлімдеді.

Ольга Пушкарева, Астана қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Бізге 6 бала жеткізілді. Шағымдары бір біріне ұқсас. Дене қызуы көтерілген, құсып,  іштері өткен. Оларға алдын ала ішек инфикциясы диагнозы қойылды. 3-еуі ауруханаға жатқызылды. Қалған 3-еуі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. Қазір осында жатқан үш сәбиден бактериалды және вирустық жұқпалар бойынша материалдар алып тексеруге жөнелттік.

Ольга Пушкареваның айтуынша, балалардың жағдайы қалыпты, қажетті ем-домды алып жатыр. Зертханалық сараптаманың нәтижесі сенбі күні белгілі болмақ. Сәйкесінше, балалардың нақты диагнозы мен аурудың неден жұққаны да сол кезде анықталады. Астанадағы №36 балабақшаға бір күнде он баланың келмей қалғаны туралы жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Біздің арнаға шағымданған ата-аналар сәбилердің астан улануы мүмкін екенін айтқан. Балабақша басшылығы "тиісті мамандарға жағдайды хабарладық, ешқандай дабыл түскен жоқ. Әзірге бөлмені жуып-шайып, залалсыздандыруға кеңес берді",- деген болатын. Ал кешкісін, балабақшаға қалалық білім бөлімінің өкілдері барған. Олар тиісті тексеріс бастағанын хабарлаған.