$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауыл тұрмысын кооперативтер арқылы түзеуге болады - AMANAT

29.05.2026ж. 19:00
Ауыл тұрмысын кооперативтер арқылы түзеуге болады - AMANAT

Ауыл тұрмысын ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту арқылы жақсартуға болады. Шағын шаруашылықтар біріккенде өнім көбейіп, табыс  артады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарында AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев айтты. Бәйтерек ауданындағы Макаров ауылында жүзге тарта жеке қосалқы шаруашылық бір кооперативке біріккен. Сүтті мал ұстайтын ауылдықтар құс өсіріп, көкөніс егеді. Тұрғындар тапсыратын сиыр сүті үшін мемлекет субсидия да төлейді. Өздерін жұмыспен қамтып, табыс тапқан халық дайын өнімді өздерінің өндірістік кооперативіне өткізеді. Осылайша базар жағалап, делдалға тапсыру, тасымалдау машақатынан құтылған. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл тәжірибе өзге ауылдарға үлгі болуы тиіс.

ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ. "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Осы жерге шағын өндіріс орталықтарын салуды сұрап жатыр. Бұл бір. Екіншісі: қазіргі салық кодексіне байланысты кооперативтерден өнім өндіруші жеке қосалқы шаруашылықтардың арасындағы өнім сатқан кездегі салық мәселелерін көп талқыладық. Сол мәселелерді жүйелеп, бүгін Үкімет басшысының орынбасары тапсырма берді. Соны анықтама ретінде беріңіздер, соған байланысты шешім қабылдаймыз деді.