Мәжіліс депутаттары «AMANAT» партиясының «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жамбылдық жастармен кездесті. Ашық диалог барысында ауылдық және шалғай елдімекендердегі жұмыссыздық мәселесі, жас мамандарды қолдау, студенттердің әлеуметтік жағдайы, баспана, білім алу және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Депутаттар жастардың ұсыныстарының тиісті деңгейде қарастырылатынын жеткізді. Кездесу соңында спикерлер жастар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалар мен жастарды қолдауға бағытталған нақты мүмкіндіктер жөнінде де айтты.
МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Партиялық жобаның арқасында бәріміз шынын айтқанда бір толқында болып жатырмыз. Сондықтан осындай жобалар көп болу керек. Бұл енді уақытша болмау керек деп ойлаймын. Мағжан Жұмабаев айтқандай біз қазақтың жастарына сенеміз. Олардың болашағы зор. Өзіміздің мемлекетімізді сүйетін патриот, өз маманының иелері болуына біз тілектеспіз.
Таразда сондай-ақ, «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен облыстық «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті. Оған 10 аудан және Тараз қаласынан іріктелген 12 команда қатысты. Жарыс барысында қатысушылар «Сарбаз жолы» Тактикалық кедергілер жолағы, Әскери-спорттық эстафета, «Рухты Сарбаз» ұлттық ойындары кезеңдері бойынша өзара бақ сынады. Бұл жастардың физикалық дайындығын, шапшаңдығы мен төзімділігін ғана емес, әскери машығын, тарихи танымын және командалық бірлігін де айқындайды. Бұл дода – жарыс қана емес, жас буынның батылдық пен табандылыққа, тәртіп пен ұйымшылдыққа бейімділігін көрсетеді.
ӘСЕТ НҰРСЕЙІТ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:
Мен автоматты өзім шашып үйрендім, 14 жасымнан бастап. 9 сек шашып жинай аламын. Біз үш бала екі қыз болып келдік. Дайындағымыз өте жақсы. Жеңіске жетіміз деп ойлаймыз.