Астанада «AMANAT» партиясының депутаттары Есіл ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Жиында өңірді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Соңғы 4 жылда ауданда 6 жаңа мектеп бой көтерген. Тағы 15 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Тельман шағын ауданында 23 шақырым газ желісі жүргізілген, 300-ге жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Ал Шұбар ауданында 30 шақырым газ құбыры тартылып, 900-ге жуық абонент желіге қосылған. Ашық диалог барысында қалалық басқарма басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында белсенді азаматтар марапатталып, партия қатарына жаңа мүшелер қабылданды.
САНИРА ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі таңда ОСИ және КСКА тұрғындарымен кездестік. Әртүрлі форматта халыққа есеп бердік. Шұбар, Пригородный, Тельман мөлтек ауданында. Енді бүгін біздің 3 депутатымыз қорытынды жиынтық ретінде үлкен, барлық ауданды жинап есеп беретін боламыз. Есіл ауданы бойынша 3 депутат жұмыс жасайды. 43 партия бастауыш ұйымы бар. Әрбір делегат, халық келіп жатыр.