$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Емдеу мекемелерінде "амбулаторлық карта" деген ұғым жойылады

AstanaTV
08.02.2018ж. 20:00
4084
Емдеу мекемелерінде "амбулаторлық карта" деген ұғым жойылады

Астанадағы емдеу мекемелері толықтай қағазсыз жүйеге көшуге дайындалып жатыр. Бұдан былай "амбулаторлық карта" немесе "ауру тарихы" деген ұғымдар жойылады. Олардың орнын "электронды денсаулық паспорты" басады. Бұл туралы Елордада өткен денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбындағы жиында айтылды. Заманауи жүйе кезең кезеңімен енгізіледі. Тұрғындарды электронды денсаулық паспортымен қамтудағы мақсат- қағазбастылықты жою. Созылмалы сырқаттар бойынша диагноз қоюды қашықтықтан басқару да жоспарда бар. Бұл емделушіге көрсетілер көмекті тиімді етеді. Медициналық ақпаратқа қолжетімділік артады. Президент биылғы жолдауында денсаулық сақтау саласын цифрландыру жайына көңіл бөлу керектігін айтқан. Жалпы, Қазақстанда "электронды денсаулық сақтау" терминінің енгізілгеніне 5 жылдай болды. Әйтсе де дамытатын тұстары жетерлік.

Сәуле Құрманова, ҚР ДСМ электронды денсаулық сақтау орталығы Астана филиалының директоры:

Маусымнан бастап "электронды денсаулық паспорты" мен "дәрігердің жеке кабинеті" пилоттық жүйе ретінде енгізіле бастайды. "СМС хабарламалар" сервисі іске қосылады. Жыл соңына дейін әкімдікпен бірлесіп, азаматтарды медициналық ақпараттық жүйемен мейлінше қамту көзделіп отыр.