Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Бюрократиядан құтылу қажет! Партия министрлік емес - М.Әшімбаев

Бюрократиядан құтылу қажет! Партия министрлік емес - М.Әшімбаев

Бюрократиядан құтылу қажет! Партия министрлік емес. Бүгін "Нұр Отан" партиясы орталық аппараты өкілдерімен кездескен Мәулен Әшімбаев осылай деді. Партия төрағасының бірінші орынбасары жаңа жұмыс форматына көшеміз дейді. Енді "Нұр Отан" қоғамда қызу талқыға түскен проблемадан тыс, үнсіз қалмайды. Бірден әрекет етеді. Сондай-ақ адамның ұйқысын келтіретін жиналыстардан бас тартамыз деп отыр. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Қағазбастылық. Есеп-қисап қуу. Бітпейтін хаттама толтыру, бос жиындар өткізу. Бәрін қысқартып, креатив пен динамикаға көшу керек. Партия қоғамның тамырын басып, диагнозын дөп қоятын биліктің саяси-сараптамалық креативті орталығына айналуы қажет. Үнсіз бұғып қалмау, қоғам алдына жиі шығып, қызу талқыланатын проблемаларға назар аудару. Оны шешуге атсалысу. Қысқасы жаңа форматтағы жұмыс. Әшімбаевтың алғашқы жиында айтқаны осылар.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Мы как министерство стали. Вы как работники министерства. Не этого от нас президент ждет.

Бұл ретте заман көшінен қалмай ақпараттық-технологиялық мүмкіндіктерді толық пайдалану керек. "Сандық" байланыс, желі жылдамдығы қазір ақсап тұр деді.

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Қоғамда бүкіл ұлттық үлкен бір жобаларды жүзеге асыруға партия тікелей қатысуы керек. Сондықтан енді партияның алдында үлкен мақсаттар тұр. Сол мақсаттарды біз енді орындау мәселесін бүгін талқылап жатырмыз. Және де осы біраз Елбасының қойған тапсырмаларын біз енді толықтай орындаймыз деп соған өзім сенемін, сондай жұмыстарды бастап кеттік.

Жаңа форматтағы жұмыс жиналыстардың қысқаруына әкелуі мүмкін. Жоспардағы жұмыс кестесі жайлап өзгереді. Ол орталық аппарттан басталады. Кейін өңірлерге де жетеді. Партия қызықты контент жасай білу керек. Әр жиналыста елең еткізер деректер, пікірталастар, талқылаулар мен ұсыныстар айтылса, ақпарат құралдары жаппай жариялайды. Елдің ұйқысын келтіретін емес, керісінше, ұйқыашар жиындар болуы керек дейді. 

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Кадрлық саясатта да үлкен жұмыстар жасалу керек. Партия үлкен енді аналитикалық орталық та болуы керек. Енді біраз идеялар, біраз жобалар, біраз енді бағдарламаларымыз партиядан шығуы керек. Партия оларды дайындауға сондай әлеуеті болуы керек. Жалпы енді партияның жұмысын жаңғыртып, жаңартып, біраз енді өзгерістер енгізу керек. Сол мәселелерді біз енді қолға алып жатырмыз.

Ашықтық, кез келген партия мүшесінің Әшімбаевқа және партия хатшыларына кедергісіз кіріп-шығу мәселесі айтылды. Жұмыс уақытына қатысты төраға орынбасарының пікірі залдағыларға майдай жақты, ду қол соғып, қошемет білдіріп жатты. 

Мәулен Әшімбаев, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Если справляются с задачами, после шести надо отпускать. Если работа эффективна, какие вопросы.

Бір айта кетері облыстағы бөлімдер көбіне әкімдердің қас-қабағына қарайды. Негізі орталық аппаратқа бағынуы қажет. Партияның пәрменін арттыру да сөз болды. 

Қаныбек Жұмашев, "Нұр Отан" партиясының хатшысы:

Біздің партиялардың жергілікті жердегі орынбасарлары халықтан қорықпау керек. Алдына шығып сөйлей алатын деңгейде болу керек. Біз тәрбиелеу керекпіз. Қажет болса, ауыстыру керек болатын шығар. 

Жаңа жұмыс форматы жөніндегі бағдарлама наурыз айында дайын болады.