Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар 34 нысан террорлық қауіпке дайын болмай шыққан. Олардың арасында мектептер, өндіріс орындары мен стратегиялық нысандар бар. Бұл жайында бүгін тексеріс жүргізген мамандар баспасөз мәслихатында айтты. Қауіп тууы мүмкін маңызды 800-ге жуық нысан тексерілген. Олардың жартысына жуығы талапты бұзған. Басшыларына ескерту жасалды. Талап бойынша жиналатын адам саны 200-ден асатын ғимараттар, алаңы 500 метрден кем емес сауда орындарының бәрі, маңызды нысандар қатарына жатады. Мамандардың сөзінше, көбіне нысандардағы бейнебақылау жазбасы ережеге сай 1 айға дейін сақталмайды. Сондай-ақ ғимараттың арнайы паспортында да кемшіліктер көп. Соңғы бір жыл ішінде мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлік нысандары иелеріне 14 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Айта кетелік, террорға қарсы дайындығы осал нысан иелеріне салынатын айыппұл көлемі 600 мың теңгеден басталады.
Бауыржан Атабаев, облыстық ІІД басқарма басшысы:
191-інші
қаулы бар мемлекеттік. Сол бойынша 34, үлкен кемшіліктер бойынша 34 нысан
басшысына сот арқылы айыппұл салынды. Ол айыппұл саны 14 миллион болып отыр.
Көрсеткен кемшілікті жоюға 1 ай беріледі қаулы бойынша. Содан қайта тексеріліп,
бәрі орнына келіп отыр.