Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шетелде бакалавр оқытуға қайта қаржы бөлу керек - М.Әбенов

AstanaTV
08.02.2018ж. 20:00
2491
Шетелде бакалавр оқытуға қайта қаржы бөлу керек - М.Әбенов

Елде тапшы мамандықтарды шетелде оқыту үшін, мемлекеттік тапсырыс қажет. Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру жөнінде "Нұр Отан" партиясы өткізген жиында Мұрат Әбенов осылай деді. Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары "Болашақ" бағдарламасы бакалаврда оқытуды тоқтатты, бірақ елде кейбір мамандар тапшы дейді. Кәсіпкерлер жұмыскерді өз қаражатына шетелде оқытуға мәжбүр. Мәселен, Кентаудағы трансформатор зауыты сол үшін білдей колледж ашқан. Палата алда бизнестің сұранысы бойынша шетелде маман оқытуға "Болашақ" секілді мемлекеттік тапсырысты қайта қалпына келтіруді ұсынады.

Мұрат Әбенов, "Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары:

Бизнес салық төлейді. Бірақ қажетті мамандарды таба алмайды. Кейбір зауыт, фабрикалар өз ақшасына шетелге маман жіберуге мәжбүр. Ол бір, салық төлейді, екі, маман оқытуға тағы шығындалады.