$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістандағы облыстық балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшті

Түркістандағы облыстық балалар кітапханасы  жаңа ғимаратқа көшті

Түркістандағы облыстық балалар кітапханасы жаңа ғимаратқа көшті. 65 жылдық тарихы бар кітапхананың мәселесі «АMANAT» партиясының алаңында көтерілді. Жергілікті депутаттар Мәжіліс пен тиісті министрліктерге хат жазды. Қаржыландыруын сұрады. Мәселе шешімін тауып, 500 млн теңге қаржы бөлінді. Жаңа ғимарат заманауи талапқа сай жасақталған. Қазір 229 мың кітап бар. Одан бөлек Ұлттық қорда жоқ 240 дана пластинка және кино фильмдердің алтын қоры бар. Мұнда келушілер  кітап оқып қана қоймай, шахмат, домбыра секілді үйірмелерге де қатысады.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ ТОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Рухани астана -Түркістанның төрінде балалар кітапханасын жасамасақ бізге бұл –сын, біріншіден. 500 млн теңге бөлініп, облыс әкімі қолдады. Өзім депуттық сауалым орындалғанына қуаныштымын. Мен үшін ең керемет күн. Мереке құтты болсын. Бүгін мерекенің мерекесі , балалар үшін де, ата-аналар үшін де. Өйткені дәл орталықта орналасқан. Ыңғайлы, заманауи. Жасанды интекттің де орыны бар бұл жерде.    

ДАРХАН ТІЛЛӘБЕК,  ОҚЫРМАН:

Бұл жаңа кітапханада мен тек кітап қана оқымай, жасанды интеллект арқылы өзімнің ойымды, әртүрлі комикстар шығара аламын, яғни фантазиямды іске асыра аламын. Мен осы жасанды интеллект арқылы кішігірім комикс шығарып жатырмын.