Алматыда балалар күніне орай 10 мыңға жуық бүлдіршінге балмұздақ пен сыйлықтар таратылды. AMANAT партиясы пен «Шин-Лайн» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Балаларымыз – аманатымыз» атты қайырымдылық акциясы өтті. Биылғы акция еліміздің 20 өңіріндегі Балаларды қолдау орталықтарын, мамандандырылған интернаттарды, балалар үйлері мен оңалту орталықтарын қамтыды. Жалпы еліміз бойынша 20 мың балаға балмұздақ таратылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, балмұздақ тек балалардың сүйікті тәттісі ғана емес, сонымен қатар қамқорлық пен жылулықтың белгісі.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аманат партиясы бар және біздің демеушіміз Шин-Лайн компаниясымен бірілесіп, 2023 жылдан бері «Балаларымыз аманатымыз» деген республикалық акцияны бастаған болатынмыз. Бүгін сол игі дәстүрді жалғастырып жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз балаларға тек сыйлық қана тарту етіп қана қоймай, оларға қоғамның қамқорлығы мен жылуын сезіндіру. Енді мынау өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау баршамызға ортақ міндет деп білеміз. Сондықтан Аманат партиясы бұл мерекелік шараны ешқашан ұмыт қалдырмай, жыл сайын біз мыңдаған балаға көтеріңкі көңіл күй сыйлаймыз мерекелік бағдарламамен және де бұл қаламыздағы түрлі ойын-сауық орталықтарына жібереміз.