$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада «Ана жүрегі» акциясы ұйымдастырылды

AstanaTV
01.06.2026ж. 19:00
Астанада «Ана жүрегі» акциясы ұйымдастырылды

Астанада дәстүрлі «Ана жүрегі» қайырымдылық акциясы өтті. Шараға 65-ке жуық бала мен ата-ана қатысты. Бағдарлама аясында балалар үшін концерт ұйымдастырылып, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және аниматорлар түрлі танымдық жұмыстар жүргізді. Ал аналар гинеколог, терапевт, кардиолог, невропатолог, психолог және стоматолог мамандарының қабылдауынан өтті. Акцияның негізгі мақсаты - ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға медициналық және психологиялық қолдау көрсету.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Балаларды қорғау күні – тек балалардың ғана емес, ата-аналардың да мерекесі. Бұл күні бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлініп, олардың қауіпсіздігі мен амандығы басты назарға алынады. Емханада ем алып жүрген бүлдіршіндер үшін дәрігерлер мен демеуші ұйымдар қызықты бағдарлама әзірледі.

ДИНАРА БАЙСЕРКИНА, №6 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫ:

Бұл шараны біз жыл сайын өткіземіз, ауқымы кеңейіп келеді. Бұрын шараға тек Алматы ауданынан келген аналар қатысса, бүгінде Астананың барлық ауданынан келуге мүмкіндік бар. Акцияның басты мақсаты – күнделікті емханаға барып, тексерілуге мүмкіндігі бола бермейтін аналарға медициналық тексеруден өтуге жағдай жасау.