$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бес айда мемлекеттік бюджетке 11 триллион теңгеден астам қаражат түсті

Бес айда мемлекеттік бюджетке 11 триллион теңгеден астам қаражат түсті

Алғашқы бес айда республикалық бюджетке 11 триллион теңгеден астам қаражат түскен. Бұл жоспарланған межеден 66 миллиард теңгеге артық. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, қор 16 пайызға көп. Өңірлердегі жергілікті бюджеттердің де ахуалы жаман емес. Кіріс 4 триллион теңгеден асты. Мамандар мұны салық реформалары мен экономикалық белсенділіктің артуымен байланыстырады. Сондай-ақ, әлемдік шикізат нарығындағы мұнай бағасының тұрақтылығы да бюджеттің бүйірін толтыруға оң әсер еткен. Қазынаға құйылған триллиондар ел дамуының негізгі бағыттарына жұмсалмақ. Оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен жаңғырту, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту шаралары бар. Бұдан бөлек, энергетика, сумен жабдықтау және цифрландыру саласындағы ауқымды жобалар іске асырылады.