Мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы әшкереледі.
Алматы облысында психотроп заттарды дайындап жатқан жерінде Қазақстан азаматы ұсталған. Тінту барысында 3 келі а-PVP, кристалдану сатысындағы 15 келі өнім, 700 литр прекурсор мен зертханалық жабдықтар тәркіленген.
"Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған хабарламада.