Израиль Ливанға шабуылды күшейте түсті. Тіпті, жерлерін басып алып өз туын тігіп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы шұғыл жиналыс жасап, Нетаньяху бастаған Израиль әскерінің әрекеттерін айыптады. Иран да осы үшін АҚШ-пен келіссөздерді тоқтаттық деп ресми түрде хабарлады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Израиль әскері ғана емес, Нетаньяхудың өзі Ливан жеріне басып кірді. Тіпті, бірнеше елді-мекенде Израиль туы тігілген. Бірақ, Премьер-министр бар болғаны лаңкестердің көзін жою үшін жасап отырмыз, - деп ақталуда.
БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Ливандағы лікестік қаупі, біздің солтүстігімізді атқылап жатқанын ескеретін болсақ, біздің әскерде ешқандай шектеу жоқ. Білгендерін істеп жатыр. Бастысы, лаңкестерді қырыңдар деп бұйрық бердік. Бұл – тек бастамасы ғана. Ливандағы операция ауқымын біз тек кеңейте береміз.
Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілдердің де, Қауіпсіздік Кеңесінің де отырысын өткізді. Ал, Бас Хатшы Антониу Гутерриш Израиль әрекетін қатаң сынға алды. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындардың да қаза болғанын алға тартқан.
СТЭФАН ДЮЖАРРИК, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Біздің ойымызша, бұндай қарқындағы соққы мен әскери қимылдар шектен шыққандық. Израиль әрекеті лаңкестерді емес, қарпапайым халықты қыру деп білеміз. Қарулы қақтығыстар азаматтық нысандар мен бейбіт тұрғындарға әсер етпеуі керек.
Иран да Ливандағы жағдайды алға тартып, келіссөз жүргізуден бас тартқан. Бұл туралы бітімгер болып отырған Пәкістан арқылы хабарлапты. Күні кеше америкалық күштерге де шабуыл жасаған.
ЭСМАЕЛЬ БАКАИ, ИРАН СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Біз осыған дейін де америкалықтарға бірнеше рет ескерткенбіз. Ливандағы ахуал да Парсы шығанағымен бірдей қарастырылуы керек. Біз елдің күл-талқан болғанына көніп отыра алмаймыз. Израиль оқ атпау туралы келісімді бұзып отыр. Сондықтан, соғыстың тоқтау уақыты да кейінге шегеріледі.
Франция кезекті ресейлік кемені тоқтатып, экипажын тұтқындады. Тагор деп аталған мұнай тасымалдағыш Франция аумағы арқылы жасырын өтіп кету үшін Камерун туын іліп алған. Алайда, Франция флоты мен арнайы жасағы кемені өз айлағының біріне тұраққа алып кетті.