Шетелдік, біздің елдің азаматынан алданып қалды. 23 жастағы елорда тұрғыны оның сеніміне кіріп, Қазақстан азаматтығын алып беремін деп уәде берген. Өз қызметі үшін жәбірленушіден 300 мың теңге көлемінде ақша алған. Алайда уәдесін орындамай, жинаған қаржыны өз қажетіне жұмсап жіберіпті. Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні жедел қолға түсірді.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады. Құжаттарды рәсімдеу және азаматтық алу мәселелері бойынша тек ресми мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екенін ескертеді.