$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтас кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Ақтас кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Қарағанды облысында бұқаралық спортты дамыту бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. Ақтас кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені есігін айқара ашты. Заманауи нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында бой көтерді. Енді жергілікті тұрғындардың жыл он екі ай жайлы жағдайда спортпен шұғылдануына толық мүмкіндік бар. Кешен бір уақытта 150-ден астам адамды қабылдайды. Нысанның салтанатты ашылуына жергілікті атқарушы орган өкілдері, депутаттар және партияның облыстық филиал басшылығы қатысты. Ақтас жұртшылығы бұл күнді асыға күткенін жасырмады. Бүгінде сапалы спорттық инфрақұрылым тек ірі қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де қолжетімді болып келеді. Партиялықтардың айтуынша, бұл кешен - халық алдындағы уәде мен міндеттемелерді орындау жолындағы кезекті нәтижелі жұмыс.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Спорт инфрақұрылымын ілгерілету - іздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Жаңа кешен жай ғана ғимарат емес, бұл - кез келген жастағы тұрғындардың шынығып, денсаулығын нығайтуына және жаңа белестерді бағындыруына ашылған үлкен мүмкіндік. Дәл осындай жобалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.