$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Төрт жастағы бала бастауыш сыныптың бағдарламасын меңгеріп алған

AstanaTV
02.06.2026ж. 19:00
Төрт жастағы бала бастауыш сыныптың бағдарламасын меңгеріп алған

Қазақстандық оқушылар әлемдік жарыстарда топ жаруда. 2025-2026 оқу жылында халықаралық додаларда ел намысын қорғаған 5 052 оқушы  37 бірдей әлемдік олимпиададан мыңнан астам медаль еншіледі. Елде білімге құштар жас өрендердің қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі - Түркістан облысында тұратын 4 жасар вундеркинд Әли Адамбек. Ол бастауыш сыныптың бағдарламасын еркін меңгеріп, қазірдің өзінде мектепке ресми түрде қабылданып үлгерді. Ата-анасының айтуынша, алғыр бүлдіршін небәрі 2 жасында әріп танып, 3 жасында сандарды көбейтуді бастаған. Қабілетімен таңғалдырған жас дарын бүгінде ағылшын тілінде де оқып-жазуды белсенді меңгеріп жүр.

НҰРГҮЛ МЫРЗАҒАЛИ, ӘЛИДІҢ АНАСЫ:

Қазір әріптердің бәрін таниды әліппені оқи береді. Есептерді еркін шығарады. Қазақ, ағылшын тілдерінде.Енді шыға бастаған кезде балалардың оқулықтарымен ойнап, дамытушы мультфильмдерді көре бастады. Алғаш 3 жасында қарапайым есептерді қосып, алып жүргенін байқадық. Қазір көбейту, бөлу  амалдарын да орындай алады.