$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Маңғыстауда жасөспірім әткеншекте ойнап жүріп қайтыс болды

Маңғыстауда жасөспірім әткеншекте ойнап жүріп қайтыс болды

Маңғыстау облысында 12 жасар бала көз жұмды. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, аулада әткеншек теуіп жүрген баланы өзге қатарласы байқаған. Алғашқыда ойнап жатыр деп ойлағанымен, жақындағанда оның дем алмай тұрғанын көріп, бірден ата-анасына хабарлаған. Жедел жәрдем шақырту орнына жеткенде, жасөспірімнің шетінеп кеткенін анықтады. Куәгерлер баланың денесінде қылқындыру белгілері барын айтады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Алдын ала мәлімет бойынша, 12 жасар бала аулада қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, жазатайым оқиға салдарынан жарақат алған. Осы дерек бойынша адам өлімі фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етілмейді.