$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісу облысында бір мезетте 35 ауылда ту тұғыры ашылды

Жетісу облысында бір мезетте 35 ауылда ту тұғыры ашылды
Жетісу облысының әкімдігі

Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Жетісу облысының 35 ауылында бір мезетте ту тұғырлары ашылып, көк байрақ желбіреді. Салтанатты шараны тамашалауға 3,5 мыңға жуық тұрғын қатысты. Жұртшылықтың қолдауымен жүзеге асқан жоба ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге бағытталған. Шараға жиналғандардың айтуынша, мұндай бастамалар елдік рухты нығайтып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыра түседі.

 

Көк байрағымыздың астына тұрып, оның желбірегенін көру – әр азаматқа, қазақ халқына бір мейрам. Ол үшін ата-бабаларымыз қаншама тер төкті. Көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қаншама жерді алды. Сол көк туымыздың желбіреп тұруы – біздің ұрпаққа, бізден кейінгі ұрпаққа міндет болуы керек, – Бауыржан Барлыбаев, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы.