Ұшты-ұшты Жамбылда шатыр үшты. Әулеаталық әкімдік берген үй, жұртты әбден әбігерге салуда. Жалдамалы тұрғын үйді мерзіміне жетпей опырылып ортасына түседі ма деп қорқып отыр. Жел ұшырған шатыр екі күнен бері жабылмай, пәтер іші жауын суына толған.
Меркі ауданында аз қамтылған отбасы мен осал топтағы азаматтарға берілген баспананың сиқы осы. Төрт жылға жетпей қирап жатыр.
ГҮЛСІМ ҚАНАЕВА, МЕРКІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
2022 де алды мына кісілер мен өзім 2024 те алдым. Бұл үйлердің жағдайы тіпті нашар. Төбесінің бәрі көгереді. Су ағады міне бүйтіп жүреміз жүгіріп қай жерден су ағады, қай жерден тоқ ұрады бізді деп. Түнімен ұйықтамаймыз.
ГҮЛАЙЫМ ТҰМАНБАЕВА, МЕРКІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Үш күн болды жарық жоқ. Звандаймыз-звандаймыз ешқандай жауап жоқ бізде.
Берілген үйлердің бүлінген жерін бүтіндейтін мердігердің жөндеу мерзімі өтіп кеткен. Айналасы қоршалмаған, ал балалар алаңқайы мүлде жоқ. Қазір әкімдік ұшқан шатыр мен қираған жерлерді қайта алпына келтіру үшін қаржы таппай құрылыс материалдарын қарызға алып жыртығын жамап жатыр екен.
ЕРБОЛ ӘКЕК, МЕРКІ АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қаржыны енді біз анау материалды, мына материалды қарызға сұрап, демеушілік көмекпен өстіп соғып беріп, жамап беріп жатырмыз.
Жауаптылар жарамсыз күйге түскен баспананы қайта қалпына келтіріп, бүлінген тұрмыстық техниканы өтеп беруге уәде етті.