$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада көлігін тұраққа қойғандарға бақылау күшейтіледі

05.06.2026ж. 18:00
Астанада көлігін тұраққа қойғандарға бақылау күшейтіледі
Фото: pixabay

Тұрғындар көлікті тұраққа қою қағидаларының жүйелі түрде бұзылатынын, әрі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған тұрақ орындарын заңды құқығы жоқ жүргізушілердің иеленетінін хабарлаған.

Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы Астана қаласының Полиция департаментімен бірлесіп, автокөлік құралдарын тұраққа қою және тоқтату қағидаларының сақталуын бақылауды күшейтті.

Айтматов көшесінде орналасқан көпқабатты үй тұрғындарының өтініші негізінде кезекті тексеріс жүргізілді.  Оқиға орнына жедел барған қызметкерлер құқықбұзушылық фактілерін толық растады. Тәртіп бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Уәкілетті органдар қаладағы жол инфрақұрылымы тұрақты бақылауда екенін еске салады. Астанада құқықбұзушылықтарды анықтау және тіркеу үшін заманауи техникалық құралдар пайдаланылады. Мобильді және стационарлық бақылау жүйелері көлікті тоқтату мен тұраққа қою қағидаларын бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейді.

 "Тұраққа қоюға тыйым салынады", "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілерінің талаптарын бұзған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды заңсыз иеленген көліктер айыппұл тұрағына эвакуациялануы мүмкін. Құқық қорғау органдары көлік иелерінен жолдар мен аулалардағы қауіпсіздік әрқайсымызға байланысты екеніне назар аударуды сұрайды. Дұрыс қойылмаған автокөлік немесе көру мүмкіндігін шектейтін кедергілер жаяу жүргіншілер үшін үлкен қауіп төндіреді. Олардың қатарында егде жастағы адамдар, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар және ең бастысы балалар бар", – делінген әкімдік хабарламасында.