$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстанда әскери технологиялар бойынша SHAIQAS чемпионаты өтеді

05.06.2026ж. 18:45
Қазақстанда әскери технологиялар бойынша SHAIQAS чемпионаты өтеді
Фото: ОКҚ

ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, жарысқа қатысушыларды тіркеу 1-15 маусым аралығында жүргізіледі. SHAIQAS чемпионатының бағдарламасы төрт бағыттан тұрады.

«Бірінші кезеңде қатысушылар дрондар құрастырып, оларды ұшырады, барлау жүргізіп, тапқан заттардың координаттарын жібереді. Екінші кезеңде, командалар жерүсті роботтарын құрастырып, олармен көмегімен арнайы тапсырмалар орындайды. Үшінші кезең – киберқауіпсіздік саласындағы жарыс. Соңғы кезең – тактикалық жарыс. Бұл кезеңде ату және тактикалық медицина элементтерін орындау қарастырылған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Жарыстың жүлде қоры – 10 млн теңге. Чемпионаттың финалдық кезеңі тамыз айында өтеді.