Әр мекеменің есігін қағып уақыт жоғалту мен банк бөлімшелеріндегі ұзын-сонар кезек енді артта қалды. Ұлытау облысында Apple Store форматындағы тұңғыш заманауи цифрлық кеңсе ашылды. Барлық сервисті бір жерге шоғырландырған «Smart Point» орталығы халықтың уақытын үнемдейді.
Ұлытау облысында аймақ әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен экожүйесі негізінде «Smart Point» цифрлық кеңсесі ашылды. Заманауи сервистік хаб әлемдік үздік тәжірибелерге, соның ішінде «Apple Store» форматындағы ашық архитектура қағидаттарына негізделіп жабдықталған. Кеңсенің тұсаукесер рәсіміне облыс басшысы Дастан Рыспеков пен корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев арнайы қатысты.
Жаңа форматтағы орталықтың арқасында аймақ тұрғындары бұрынғыдай әр мекеменің есігін қағып, уақыт жоғалтпайды. Барлық сервис бір кеңістікте шоғырланғандықтан, кез келген қызметті кезексіз әрі жедел алуға мүмкіндік туды. Мекеменің іші тұрғындардың сұранысына қарай арнайы функционалдық аймақтарға бөлінген.
САЛТАНАТ СҮЛЕЙМЕНОВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел қызмет көрсету аймағы, бұл бізде азаматтарды құжаттандыруға арналған терминал орнатылған. Бұл терминалда азаматтар жеке куәлік және төлқұжаттарын тапсыра алады. Екінші аймақ ол бізде цифрлық аймақ. Бұл оператордың қатысунсыз әр оператор өзі өзіне қвзмет көрсетеді. Бұл жерде 16 заманауи моноблок пен жылдам сканерлермен жабдықталған. Үшінші аймақ - күрделі қызмет көрсету аймағы. Онда азаматтар біздің оператордың көмегімен кез-келген қызмет түрін ала алады.
Орталық жұмысы азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, бюрократиялық кедергілерді жоюға жол ашады. Ең бастысы, мемлекеттік сервистің жаңа деңгейі қалыптасады.