$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанадағы LRT-ға «Тарлан Астана» атауын беру ұсынылды

AstanaTV
05.06.2026ж. 19:00
Астанадағы LRT-ға «Тарлан Астана» атауын беру ұсынылды

LRT енді «Тарлан Астана» деп аталуы мүмкін. Қаладағы жаңа көлік жүйесіне атау беру мәселесін қараған комиссия бірнеше нұсқаны саралаған. Олардың арасында «Қыран», «Құлан», «Аспан» секілді атаулар болғанымен, таңдау «Тарлан Астанаға» түскен. Мамандардың пікірінше, «тарлан» сөзі жүйріктік пен сенімділікті білдіреді. Жеңіл рельсті қолданатын жолаушылардың қатары күн сайын көбейіп жатыр. Небәрі екі аптада миллионнан астам жолаушы тасымалдады.