$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Экологтар күнінде сала үздіктері марапатталды

AstanaTV
05.06.2026ж. 19:00
Экологтар күнінде сала үздіктері марапатталды

Таза ауа, мөлдір су, жасыл табиғат әрине адамзатқа аманат. Ал оны ғылым көзімен саралап, сақтап жүрген мамандар бар. Бүгін сол табиғат жанашырлары экологтардың кәсіби мерекесі. Қоршаған ортаны қорғау жолында еңбек еткен мамандардың жұмысы қоғам үшін аса маңызды. Осыған орай сала үздіктері марапатталып, табиғатты қорғау ісіндегі жетістіктері мен нәтижелері сараланды. Оның ішінде осы салаға 48 жылын арнаған ардагер орманшы да бар.

САЯТ ТУШКЕНОВ, ЖОҢҒАР-АЛАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ОРМАНШЫСЫ:

Жоңғар Алатау тауларында соның санағын жүргізіп, соның экологиясын зерттеп, нағыз біздің тауларда қанша барыс бар екенін анықтап, сондай тақырыпта ғылыми жұмыс жасап, бітіргенбіз.