Семей қаласындағы Бобровка саяжай алабы аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Қатты желдің әсерінен өрт саяжай үйлері мен орман алқабына қарай таралған.
Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетті. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін полицейлер өрттің таралуын шектеу шараларын қолға алды. Патрульдік автокөліктерде болатын жер қазу құралдарын пайдаланған қызметкерлер өрт ошағының айналасын қазып, жалынды топырақпен көму арқылы оның саяжай нысандарына қарай таралуына жол бермеуге тырысты.