$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дәретханада видео түсірген елордалықтар жауапқа тартылды

Дәретханада видео түсірген елордалықтар жауапқа тартылды
Полиция

Елордалық полиция қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты құқық бұзушылықтармен жүйелі түрде күрес жүргізіп келеді. Осы ретте құқық қорғау органдары әлеуметтік желіде қаралым жинау мақсатында қалалық саябақтардың біріндегі қоғамдық дәретханада құқық бұзушылық жасаған жастарды анықтап, жауапқа тартты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері елордадағы саябақтардың бірінің қоғамдық дәретханасында түсірілген бейнежазбаны анықтады.

Нәтижесінде бейнежазбаның авторы мен оған қатысқан азаматтардың 20 және 22 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды.

Тексеру барысында жастардың әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, контент түсіру үшін дәретхана кабинасындағы әйнекті күңгірттендіру функциясын әдейі қоспағаны анықталды.

Екеуі де әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция интернеттегі танымалдыққа ұмтылу қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс екенін еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда да, интернет кеңістігінде де мінез-құлық нормаларын сақтауға шақырады.