Алматы хайуанаттар бағында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлі дүниеге келді.
Ерекше оқиға – сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбының бірдей егізден төлдеуі болды. Төлдер 6 және 17 наурызда дүниеге келген. Қазір олар мамандардың тұрақты бақылауында.