$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары таудағы туриске көмекке келді

07.06.2026ж. 18:29
ТЖМ құтқарушылары таудағы туриске көмекке келді
Фото: ТЖМ

Алматы тауларында үш жас азамат Погребецкий шыңынан түсіп келе жатқан. Түсу барысында олардың бірі өзін жайсыз сезініп, ұялы байланыс жоқ «Қызыл Сай» лашығында қалып қойған.

Оның қасындағы екі серігі Үлкен Алматы көлі маңындағы беседкаға дейін жетіп, болған оқиға туралы құтқарушыларға хабарлаған. Көмек көрсету үшін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына аттанды.

Құтқарушылар туристі 3500 метрден астам биіктіктен «Алма-Арасан» экобекетіне дейін эвакуациялады. Төмен түскеннен кейін ер адамның жағдайы жақсарып, медициналық көмек қажет болмады. Одан әрі туристер үйлеріне өздігінен қайтты.