Қызылорда облысы Шиелі ауданында орын алған 16 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті қамауға алынды. Ақпаратты полиция департаменті растады. Әзірге күдікті туралы толыққанды мәлімет таратылмады. Тек оның Шиелі ауданының тұрғыны екені белгілі. Еске сала кетейік, жасөспірім 2 маусым күні кешкілік үйінен шығып кеткен болатын. Арада 1 тәулік өткенде канал шлюзінен мәйіті табылған.
АСЫЛБЕК БЕКСЕЙТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, туыстарының айтуынша қызы 2 маусым күні кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел - тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.