$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді

AstanaTV
08.06.2026ж. 19:00
Қазақстан мен Украина Киевте бірлескен арнайы операция жүргізді

Қазақстан мен Украинаның бірлескен операциясы барысында 11 адам ұсталды. Іс қимыл есірткі бизнесіне адам тартпақ болған, коол орталықтың жұмысын тоқтатқан. 9 мекенжайды тінту барысында шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover көлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленген. Қазір техникадағы мәлімет зерттеліп жатыр.

ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы қызметіне адамдар іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Қазір тәркіленген техникадағы мәлімет зерттеліп жатыр.

Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізілуде.