$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды қаласында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4 жарым жылға сотталды

08.06.2026ж. 19:00
Қарағанды қаласында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4 жарым жылға сотталды

Қарағанды қаласында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4 жарым жылға сотталды. Ювеналдық сот осындай үкім шығарды. Кәмелетке толмаған бала синтетикалық есірткілерді жасырып кетуге арналған орындарды дайындау кезінде ұсталған. Оқиға былтыр қазан айында болды. Серіктес қалалардың бірінің тұрғыны Пархоменко атындағы зауыт маңында синтетикалық есірткілерді жасырмақ болып жүріп полиция назарына ілінген. Тексеру барысында күдіктінің жанынан  есірткі салынған 40 түйіншек, 17 граммнан астам тыйым салынған зат тәркіленді. Тергеу кезеңінде ол үйқамақта отырды, үкім шығысымен сот залында тұтқынға алынды. Аталған жағдай жастардың есірткі қылмыстарына тартылуының салдары ауыр екенін көрсетеді. Мұндай қылмыстар үшін кәмелетке толмағандар да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.