$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Талдықорғандағы сарбаз қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды

AstanaTV
09.06.2026ж. 19:00
Талдықорғандағы сарбаз қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды

Талдықорғандағы сарбаз қазасына байланысты батальон командирінің орынбасары сотталды. 2025 жылдың күзінде жеке құрамның қарумен жұмыс істеу барысында пулеметтен абайсызда оқ атылып, салдарынан оқ жарақатын алған қатардағы жауынгер көз жұмған еді. Тексеру кезінде батальон командирінің орынбасары қару қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақыламағаны, бұрынғы атыстардан кейін қаруды толық тексеруді ұйымдастырмағаны анықталған. Лауазымды тұлға 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРАСЫ:

Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған лауазымды тұлға Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігімен (ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау) кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.