Атырауда наубайхана жанындағы антисанитария жұрттың ашуын туғызды Әлеуметтік желіде көгеріп, көктеген нанның шашылып жатқан видеосы тарап кеткен. Ас атасының аяқ асты қалуына не себеп? Аймақта тамақ қалдықтары өңделе ме?
Наубайхана ауласында шашылып жатқан қапшық-қапшық нан өнімдерінен аяқ алып жүргісіз. Көгеріп, көктеп кеткен ас атасының қанша уақыттан бері сақталып тұрғаны беймәілім. Антисанитариялық жағдайды қала тұрғындарының бірі түсіріп алған. Бұл жағдай жалғасса, жазда иіс пен кеміргіштерден көз ашпай қаламыз да деп қауіптенеді сол маңдағы тұрғындар.
Наубайхана басшысы болса, қапта жиналып тұрған нанды видеоға түсірген әйел өзі шашты,- деп отыр. Айтуынша, аудан, ауылдарға сатуға жіберілген нан өнімдерінің өтпегенін бір ай бойы жинап кері қайтарады екен. Қатқан нанды мал асырайтын ерлі-зайыптылар алып кетеді. Сол күні ауа-райына байланысты келмей қалған.
ВЕНЕРА МАҚЫШЕВА, НАУБАЙХАНА ДИРЕКТОРЫ:
Айына бір мәрте 10 қап, сондай қалдық келеді.12 болуы мүмкін. Қатты жаңбыр болды ол кісі телефон соқты машинамыз батты, біз келе алмаймыз,- деп. Сосын ыңғайлы жерге қоя қойған ғой шетіне. Ана әйел келіп нанның қапшықтан шашып шашып, өзіне керегін таңдап таңдап алып тұр ғой, көктегендерін шашып. Және өзі алып кетті үйіне малына, алуын алды, алмай кетесе екен.
Ал санитарлық мамандар шағым түспей наубайхананы тексермек түгілі, ескерту жасауға еш құқымыз жоқ, - деп алаңсыз отыр. Дегенмен жыл басынан бері тамақтану органдарына 37 бұзушылық бойынша шағым түскен. Ішінде наубайханаға байланысты арыз жоқ екен.
АНАР НАУБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Біздер Кәсіпкерлік кодекстін негізге ала отырып, 144, 145 баптарына сәйкес, қала тұрғындарынан арыз-шағым түспеген жағдайда біздер тексеру органдары жоспардан тыс тексеру жүргізе алмайтынын хабарлаймыз. Санитарлық жағдайларына байланысты, ластығына байланысты арыз-шағымдар түсіп қаралып жатыр.
Қазақ ас атасы деп құрмет тұтқан нан қалдықтары қоқыс жәшіктері маңында жиі жатады. Аймақта тамақ қалдықтарын жинайтын арнайы орын не жәшік жоқ.