$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды

Жаңа Конституция білім беру, ғылымды дамыту және азаматтық құқықтарды жүзеге асыру салаларына басымдық береді. Бұл жастардың болашағына, жарқын өмір сүруіне құқықтық кепілдік. Құжатта волонтерлік қызметтің өзі алғаш рет кірістіріліп отыр. Яғни жаңартылған ата заң жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында адами капиталды дамытуға, жаңа буынның әлеуетін толық пайдалануға бағытталған.

ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА, "ЖАСТАР" ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жастардың бірінші мәселесі ол, оларды мазалайтын тұрғын үй мәселесі, екіншісі ол жұмысқа орналасу мәселесі болып табылады. Үшіншісі ол жақсы білімге ұмтылу мәселесі. Жалпы олардың әлеуетін арттыру болып табылады. Осы жаңа Конституцияда өз үндесін тауып отыр.