Петропавлда көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген 3 жасар бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.
4 маусым күні №7 бағыттағы автобустың кондукторы көшеде жалғыз жүрген бүлдіршінді байқап, бірден «102» арнасына хабарлаған. Оқиға орнына келген ювеналдық полиция қызметкерлері баланы алып, оның ата-анасын анықтады. Осыдан кейін бала отбасына тапсырылды.
Тексеру барысында анасының жұмыста болғаны, ал әкесінің екі кішкентай баласымен бірге ұйықтап жатқан кезде үш жасар баланың ерте оянып, үйден шығып кеткені белгілі болды. Оның көшеде жүрген уақыты шамамен екі сағатқа созылған.
Аталған дерек бойынша баланың әкесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.