Астананың өрт сөндірушілері отқа оранған тағы бір көлікті сөндірді. Бұл жолы да жеңіл көліктің түгі қалмай жанып кеткен.
Өрт Тәшенов көшесінің бойынша, көліктер ағылып жатқан жолдың шетінде басталған. Жеңіл көліктен басталған өртті құтқарушылар дер кезінде сөндірді. Бірақ, машинаның түгі қалмай жанып кеткен.
Қазір құтқарушылар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.