$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін көтерудің себебін айтты

09.06.2026ж. 20:12
Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін көтерудің себебін айтты
Фото: gov.kz

БЖЗҚ мамандарының айтуынша, жас кезде аударылған зейнетақы жарналары ұзақ уақыт бойы инвестицияланып, қосымша табыс әкеледі. Сондықтан еңбек жолының басында жиналған қаражат болашақ зейнетақының қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.

Мысалы, 20 жастағы адамның зейнетке шығуына шамамен 40 жыл уақыт бар. Осы кезеңде жинақтар инвестициялық кіріс есебінен ұлғайып отырады. Сол себепті бұл жастағы азаматтар үшін жеткіліктілік шегінің жоғары болуы қалыпты жағдай саналады.