$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да үш жасөспірім суға батып кетті

10.06.2026ж. 19:00
БҚО-да үш жасөспірім суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы үш отбасы бір күнде қара жамылды. Мектеп бітірген үш түлек емтиханнан кейін шомылуға барып суға батып кеткен. Төтеншеліктердің дерегінше, қайғылы оқиға шомылуға арналмаған жерде болыпты. Тіпті мұнда суға түсу қауіпті екенін ескертетін арнайы тыйым белгісі де орнатылған көрінеді. Құтқарушылар келіп жеткенше тұрғындар жасөспірімдердің денесін өздері судан шығарып алған. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

БАҚЫТЖАН ИХСАНОВ, БҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Арнайы жабдықталмаған және шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Су айдындарында тек ресми түрде рұқсат етілген орындарды таңдаңыздар. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.