$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстаннан тыс жерде 80 қылмыскер анықталды

AstanaTV
10.06.2026ж. 19:00
Қазақстаннан тыс жерде 80 қылмыскер анықталды

Жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары іздеп жүрген 80 адам шетелде анықталған. Олардың 47-сі ұсталды. Сондай-ақ, елімізде шет мемлекеттердің сұрауымен іздеуде жүрген 371 адамның жүрген жері белгілі болып, 107-сі қолға түске. Астана, Алматы, Тбилиси және Молдовада халықаралық іздеуде жүрген бірнеше күдікті ұсталды. Олардың қатарында үлескерлерге 1,5 миллиард теңге шығын келтірді деген күдікке ілінген алаяқ, 30 миллион еуро жымқыру ісіне қатысы бар шетел азаматы, сондай-ақ 118 миллион теңгеден астам шығын келтірген күдікті бар. Бұдан бөлек, Молдовада Қарағанды облысындағы есірткі зертханасын қаржыландырды деген күдікпен халықаралық іздеудегі шетел азаматы қолға түсті.