$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп: «Иран билігінің жандарын жаһаннамға жібермей, тыныш таппаймын»

Трамп: «Иран билігінің жандарын жаһаннамға жібермей, тыныш таппаймын»

Албания халқы Трампқа қарсы көтеріліс ұйымдастырып жатқанына 10 күн болды. Себебі, АҚШ Президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер елдегі табиғаты көркем жерде демалыс орнын салмақ. Ал, Солтүстік Ирландияда жергілікті жұрт жаппай мигранттарды қууды талап етуде. Бұл наразылық акциясына Илон Масктың да қатысы бар. АҚШ-Иран соғысы тоқтамайтын болды. Ормуз бұғазындағы АҚШ әскерінің тікұшағын Иран атып түсіріп, Трамп ашуға мінді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп, Албаниядан отбасыңмен бірге құры. Тиранада жұрт 10 күн бойы осылай деп ұрандатып, ереуілдерін тоқтатар емес. АҚШ Президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер елде курорт салмақ. Тіпті, бір жарым млрд доллар инвестиция салып та қойған. Жергілікті жұрт мемлекет басшысы Эди Рама биліктен кетсін деген талап қойып жатыр. Премьер-министр болса, халықтың уәжімен келіспейді. Оның айтуынша, ел дамуы үшін инвестиция – таптырмас құрал.

ЭДИ РАМА, АЛБАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Біз елдің туристік әлеуетін дамытуға арналған керемет жобаға рұқсат бердік. Халық болса, біз елді сатып жібергендей жала жауып отыр. Ол жай ғана туристік кешен. Қонақ үйлер мен курорттар. Одан түскен салық, мемлекетіміздің қазынасына бір жылда миллиардтаған доллар ақша түсіреді. Керісінше, экологияны қорғау үшін бір нысанда демалыс орнын шоғырландыру – таптырмас шешім.

Мигранттар әбден тайраңдап бітті. Солтүстік Ирландия халқы билікке қарсы көтеріліске шықты. Белфаст тұрғындары Лондондағы билікке де наразы. Бірінші кезекте, келімсектердің жазасыз қалуына солар кінәлі, - дейді наразы жұрт. Айта кетейік, жуырда Солтүстік Ирландияда жергілікті азаматты бір топ мигрант соққыға жығып, артынша пышақпен жарақаттаған. Ол Суданнан келген миигрант екені анықталды. Айта кетейік, бұл наразылық акциясына Илон Масктың да қатысы бар. Ол өзінің әлеуметтік желісінде британдықтарды жаппай көшуге шығуға үгіттеп отыр.

ХИЛАРИ БЕНН, СОЛТҮСТІК ИРЛАНДИЯ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ:

Африка елдерінен келген көптеген мигранттар біздің қонақжайлығымызды әлсіздігіміз деп бағалайтын секілді. Олар, қылмыс жасаса да, жазаланбаймыз деп ойлайды. Осы уақытқа дейін көпшілігі жазадан сытылып кетіп жүрді. Бірақ, иммигрант қылмысқа барғанд, бірінші түрмеге тоғытылып, артынша депортацияланатынын білуі керек. ОСындщай жүйе қалыптастыратын уақыт әлдеқашан келді.

АҚШ-Иран соғысы тоқтамайтын болды. Иран күні кеше Ормуз бұғазындағы АҚШ теңіз флотының тікұшағын атып түсірген. Осыған дейін келісім жасаймын деп шыдап келген Трамп ақыры Иранға соққы жасау туралы бұйрық берді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен барлығын бейбіт жолмен шешкім келді. Бүкіл әлем куә. Иран өзі бірінші болып шабуыл жасады. Абырой болғанда тікұшақтағы екі адамды дер кезінде құтқарып қалдық. Енді, осы шабуыла жауапты адам мен жалпы Иран билігіндегі бірнеше адамды өлтіруге тура келеді. Олардың жандарын жаһаннамға жібермей, тыныш таппаймын.

Енді Америкаға жұмыс визасымен барған адамдар 100 мың доллар төлемнен босатылады. АҚШ Жоғарғы Соты Трамптың кезекті жарлығын заңсыз деп тапты. АҚШ Президентінің қаулысына қарсы 20 штаттың бас прокурорлары бас көтеріп, Сотқа жүгінген. Алғашында аумақтық сотта жеңіліс тапқан. Дегенмен, Жоғарғы сот Трамптың шешімін теріс деп тапты. Президент әкімшілігі аппеляциялық шағым түсірмек.