$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды",- Мәди Такиев

"Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды",- Мәди Такиев

Үкімет өткен жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық орындады. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады. Ол әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге, өңірлерді қолдауға 7,7 трлн  теңге жұмсалғанын айтты. Бұдан бөлек, 2025 жылы ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға 30 жатақхана пайдалануға берілген.

МӘДИ ТАКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 980,5 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желісі салынды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 6,3 мың шақырым желісі салынды және жөнделді.