$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Дональд Трамптың сәлемін жеткізді

Дональд Трамптың сәлемін жеткізді
Ақорда

Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Дональд Трамптың сәлемін жеткізді.
 

– Сіздің Ақ үйде досыңыз бар деп сеніммен айта аламын. Президент Трамп қызметіңізді айрықша бағалайды. Біз елдеріміздің мүддесі үшін өзара тиімді шешімдер іздеуге ұмтыламыз. Мұны АҚШ пен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастың қарқыны дәлелдейді. Кейінгі жылдың өзінде 20 миллиард доллардан аса сомаға келісім жасалды. Бұл әлі бастауы ғана екеніне сенімдімін. Сіздің жыл соңында өтетін G20 саммитіне қатысатыныңызға өте қуаныштымыз, – деді Арнайы өкіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ аса маңызды минералдар, көлік-логистика, цифрландыру мен басқа да басым салалардағы ықпалдастық перспективасын талқылады.
Қазақстан тең құрылтайшыларының бірі болған Бейбітшілік кеңесінің қызметіне ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, еліміз халықаралық тұрақтылық пен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету ісіне үлес қосуға дайын.
Сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында Президент пен Арнайы өкіл сан қырлы қазақ-америка ынтымақтастығын тереңдетуге өзара мүдделі екенін қуаттады.